2024 жылдың 27 тамыз күні Әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ZOOM платформасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» атты онлайн вебинары өтті.
Вебинарға аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері, аудан әдіскерлері, білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
Вебинар барысында білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, тәрбиенің жаңартылған парадигмасы, тәрбиенің қазіргі беталысы және құндылықтар жүйесі, тәрбие құндылықтары негізінде «ДОСБОЛLIKE» жобасы іске асыру, ата-аналарды қолдау орталығы аясында жүргізілетін жобалар сонымен қоса мемлекеттік мүдделі органдармен бірлескен жобалар мен іс-шаралар талқыланды.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, тәрбие үш тағанының идеологиясы, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері мен әдіснамалық негіздері туралы ақпарат берілді.
Комментариев нет
376 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 27.08.2024 в 19:02