Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Петропавл қаласының Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп базасында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археология профессоры, Қ. А. Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының директорына арналған «Марал Қалымжанқызы – археологиялық зерттеу қызметі» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Іс- шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жақсыбай Самрат, ақын, өлкетанушы, “Асыл мұра” орталығының ғылыми қызметкері Д.А. Баймұқанов, М.Қозыбаев атындағы СҚУ "Қазақстан тарихы және құқық" кафедрасының профессоры Плешакова А.А., орта білім беру педагогтері және оқушылар қатысты.
1972 жылдары Петропавл педагогикалық институтының және облыстық өлкетану музейінің біріккен археологиялық экспедициясы тарих ғылымдарының кандидаты Марал Хабдуллинаның басшылық етуімен қазіргі «Солнечный» шағын ауданының төңірегінде қазба жұмыстарын жүргізіп «Ақ Тау» қалашығын зерттеді.
Конференция отырысында Марал Қалымжанқызының археологиялық жұмыстарына жан-жақты баға берілді.
Пікір жоқ
150 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 11.11.2024 в 18:00