25 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірлерінде «Мектептегі білім беру сапасының менеджменті: стратегиядан тәжірибеге» тақырыбында нысаналы мектеп басшыларына арналған бірыңғай үш күндік семинар басталды.
Аталған іс-шараның мақсаты-білім беру ұйымдарында білім беру сапасын арттыру бойынша менеджмент саласындағы басқару құзыреттерін арттыру.
Үш күн бойы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша білім сапасын бақылау департаментінің, Әдістемелік орталықтың, «Өрлеу» БАҰО АҚ өкілдері, жобаның стейкхолдерлері - Петропавл қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі ХББ, облыстың жетекші мектептерінің директорлары мен оқытушылары түрлі диалог алаңдарында мақсатты мектептердің басшыларымен оқу-тәрбие процесін тиімді басқару және ұйымдастыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс жүргізетін болады.
Іс-шараға нысаналы мектептердің 20 директоры мен 20 орынбасары, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысады.
Пікір жоқ
159 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 25.09.2024 в 18:56