Білім күніне арналған салтанатты жиын бүгін № 2 Бескөл орта мектебінде және Парасат мектеп-лицейінде өтті. Мерекенің басты кейіпкерлері бірінші рет мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушылары мен он бірінші сынып оқушылары болды, олар үшін 2025 жылдың мамыр айы соңғы қоңырау саналады.
Мектептер жаңа оқу жылына дайын. «Қазақстан Халқына» - «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық қорын іске асыру шеңберінде 2023 жылы «Парасат» мектеп лицейінде STEM кабинеті жабдықталған, бұл оқушыларға ғылым мен технология, инженерия негіздерін тереңдеп оқуға мүмкіндік береді. 2024 жылғы маусымнан бастап 249 млн. теңге көлемінде №2 Бескөл орта мектебін жабдықтандыру жүргізілді. 2024-2025 оқу жылында мектепте оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жабдықталған пәндік кабинеттер мен жаңа кабинеттер – АРТ-СТУДИЯ, РОБОТОТЕХНИКА, ТЕЛЕСТУДИЯ, STEM зертхана жұмыс істейтін болады.
КММ «Әдістемелік орталық» директоры Сәркен Р.С. және директордың орынбасары Закирин Д.Қ мектеп ұжымы мен оқушыларды салтанатты күнімен құттықтай отырып, жаңа оқу жылы барлығына жемісті, білімге, жаңалықтарға, шығармашылыққа және жетістіктерге толы болуын тіледі.
Пікір жоқ
190 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 01.09.2024 в 16:21