🔰«Жастардың қаржылық сауаттылығы» тақырыбында семинар ұйымдастырылуда
🔷Ағымдағы жылдың 2-12 тамыз аралығында Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "AMANAT" партиясы “Қарызсыз қоғам” жобасын жүзеге асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының мектеп және колледж педагогтеріне арналған 3 кезеңен тұратын 3 күндік семинар ұйымдастырылуда.
🔷Мемлекет басшысы өз Жолдауында аталған жобаның тиімділігіне тоқталып, Үкіметпен бірлесіп бүкіл ел бойынша оның ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Қоғамның, оның ішінде мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан семинарда облыс бойынша 420 мектеп, 22 колледж педагогтері оқытылды.
✅Оқыту семинары барысында 3 тренерлеріміз, Амренов Берік Есілбайұлы, Мусабаев Бауыржан Балтабайұлы және Олонов Сергей Витальевич өз тәжірибелерімен бөлісіп, педагогтерге ақпараттар мен материалдарды жан-жақты таныстырды.