15 тамызда «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасының аясында «Барлығына қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиясы» тақырыбы бойынша СҚО нысаналы мектептерінің педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясының секциясы өтті. Отырысқа 20 нысаналы мектептің басшылары, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері және ББ ӘО қатысты. Секцияда оқу жылы ішінде жобаны іске асыру мәселелері талқыланды, педагогтар алдында «Ахмет Байтұрсынұлы» атындағы "Талдау" білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы "АҚ білім беру статистикасы және жоспарлау департаменті директорының орынбасары С. К. Мұхамеджанова., СҚО ББ басшысы Сураганова А. А., СҚО БСДБ білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Панарина Марина Анатольевна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «СҚО бойынша КДИ» директоры Альмагамбетова Л. С., СҚО ББ ӘО директоры Саркен Р. С.- сөз сөйледі.