Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

2024 жылдың 5 маусым күні онлайн форматта «Заманауи білім беру талаптары жағдайында ұстаздардың құзыреттіліктерін дамыту: жетістіктерді талдау және болашаққа жоспарлар» атты облыстық пән мұғалімдерінің қауымдастық отырысы өтті.


⚜️2024 жылдың 5 маусым күні онлайн форматта «Заманауи білім беру талаптары жағдайында ұстаздардың құзыреттіліктерін дамыту: жетістіктерді талдау және болашаққа жоспарлар» атты облыстық пән мұғалімдерінің қауымдастық отырысы өтті. Іс-шараға Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Н.Н. Жолдабаева, білім бөлімдерінің әдіскерлері, облысымыздың 500-ге жуық ұстаздары қатысты.
🔖Отырысқа қатысушылар жаңа оқу жылында білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру, оқу процесіне цифрлық технологияларды енгізу, оқушылардың дербестігі мен сыни ойлауын дамытуды көздеді. Педагогтар өз тәжірибелерімен және идеяларымен белсенді бөлісті.
📌2023-2024 оқу жылында үздік педагогикалық тәжірибе және нәтижелі ынтымақтастығын көрсеткені үшін 200-ден астам ұстаздарға әдістемелік орталық АЛҒЫС ХАТ берді.


Пікір жоқ
199 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 05.06.2024 в 17:30

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour