2024 жылдың 30 мамырында онлайн форматта «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің құзыреттілігін заманауи білім беру талаптары контекстінде дамыту: жетістіктерді талдау және болашаққа арналған жоспарлар» атты облыстық орыс тілі мұғалімдер қауымдастығының қорытынды отырысы өтті. 170-тен астам мұғалімдер мен әдіскерлер, сондай-ақ Павлодар облысының өкілдері қатысты. «Әдістемелік орталық» КММ директоры Р.Сәркен, қауымдастық төрағасы Е.А. Медведева, қызмет бағыттарының жетекшілері – Н. Н.Конюша, Н. Х. Даренко, Л. Е. Калеганова, шығармашылық топтардың қатысушылары сөз сөйлеп, өткен оқу жылының жұмысын қорытындылай келе, өткізілген іс-шаралардың сапасына жоғары баға берді. Қазіргі білім берудегі педагогтердің құзыреттілігін дамыту мәселелері талқыланды. Жұмысты перспективалық жоспарлау бойынша бірнеше қызықты идеялар мен ұсыныстар келіп түсті, олар облыстық қауымдастықтың жұмысын одан әрі жақсартуға негіз болады. Педагогтер өңіраралық және халықаралық ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіре отырып, мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын дамыту жөніндегі бастамаларды қолдады.