Білім беру ұйымдары өскелең ұрпақтың өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға белсенді қатысады, сондай-ақ даму мен әлеуметтенуге әсер етеді.
2024 жылғы 29 мамырда Петропавл қ. «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ «ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ» жобасы аясында «Өмір қауіпсіз болған кезде-керемет!» тақырыбына арналған облыстық конференция өтті. Іс-шараға директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, дене шынықтыру мұғалімдері мен ӘАжТД педагогтері қатысты.
Бұл конференцияның басты мақсаты мектеп мұғалімдерінің өмір қауіпсіздігі мен төтенше жағдайларда оқушылардың мінез-құлқының алдын алу үшін өзара іс-қимылының тиімді жүйесін қалыптастыру болды.
Семинарға Петропавл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Аққайың, Мамлют, Есіл және Жамбыл аудандарынан 50 педагог қатысты.
Пікір жоқ
182 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 29.05.2024 в 16:35