«ARELTA» БҚ Ақмола облысының ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы «Scaffolding Pedagogical University Development – 2024» жобасы шеңберінде оқыту жүргізілуде.
Жобаның мақсаты-Қазақстан Үкіметінің Үш тілді білім беру саласындағы саясатын қолдау мақсатында орта мектептердің ағылшын тілі мұғалімдерін ағылшын тілі бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеудің заманауи әдістеріне оқыту арқылы ағылшын тілін оқытуды жаңғырту. Айыртау, Тайынша аудандарынан 30 педагог 2024 жылдың 25 мамырдан 2 маусым аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің білім ордасында офлайн форматта каскадты түрде оқытуға қатысуда. Оқыту қорытындысы біліктілікті арттырудың халықаралық сертификатын алады. Тренинг соңында мұғалімдер әзірленген авторлық бағдарламаларды ұсынады.
Пікір жоқ
208 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 27.05.2024 в 17:33