Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық мәселесі бүгінгі күнге дейін ең өткір және күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оның шешімі көбінесе тиімді және ойластырылған стратегияларды, әртүрлі әлеуметтік институттардың бірлескен әрекеттерін табуға байланысты. 2024 жылғы 21 мамырда психикалық денсаулық орталығының базасында өткен «Жасөспірімдердің шынайы өмірдегі және интернеттегі суицидтік мінез-құлқы: белгілері, даму тәуекелдері және алдын алу» атты психологиялық қызмет мамандарына, медицина қызметкерлері мен ювеналды полиция инспекторларына арналған семинар-практикумда іс-шараға қатысушылар осы тақырыпты белсенді талқылады.
Семинар-практикум аяқталғаннан кейін қатысушылар жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу бағытында бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігін түсінді, мінез-құлықтың әртүрлі тәуекелдерін анықтау кезінде іс-қимыл алгоритмі анықталды. Іс-шара оң пікірлер тудырды.
Жалпы семинарға Қызылжар, Аққайың, Мамлют, Есіл аудандары мен Петропавл қалаларынан мемлекеттік құрылымдардың 72 маманы қатысты.
Пікір жоқ
203 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 21.05.2024 в 18:21