Құзыреттілік орталығының жұмысы аясында ағымдағы жылдың 16 мамырында Петропавл қаласының «Ақ бота» б/б базасында Отбасы күніне арналған «Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіндегі отбасы мен МДҰ-ның өзара әрекеттесуі» тақырыбында облыстық семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу процесінде мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналарының өзара қарым-қатынасын нығайту және үлгілі отбасы мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шараға МДҰ педагогтеры, тәрбиеленушілердің ата-аналары қатысты.
Практикалық бөлімде қатысушылар топтарға бөлініп, әкелер, аналар, әжелер клубтарының жұмыс процесіне қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша педагогтер бұл практикалық материал жұмыста пайдалы болатынын атап өтті.
Пікір жоқ
207 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 16.05.2024 в 18:58