2 қарашасында жаратылыстану-математика циклінің жас мұғалімдеріне арналған «Заманауи сабақ. Талаптар мен мүмкіндіктер» облыстық семинар-практикум өтті.

Ағымдағы жылдың 02 қарашасында Петропавл қаласының «№27 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ базасында жаратылыстану-математика циклінің жас мұғалімдеріне арналған «Заманауи сабақ. Талаптар мен мүмкіндіктер» облыстық семинар-практикум өтті.

Бұл тақырып мұғалімнің тәжірибесінде өзекті болып табылады. Семинар барысында педагогтар оқу мақсатына сүйене отырып, сабақтың мақсатын қою тәжірибесімен бөлісті, оқытудың белсенді әдістерінің тиімділігін бағалау тәсілдері туралы айтып, сабақта рефлексияны ұйымдастыру тәсілдерін көрсетті. Олқылықтарды толтырудың өзекті мәселелері, инклюзивті ортада жұмысты ұйымдастыру, кері байланыс беру интерактивті форматта қаралды. Семинар барысында ұсынылған тиімді әдістер кездесудің әрбір қатысушысына әріптестер тобында жұмыс істеуге, өз идеялары мен білімдерімен бөлісуге мүмкіндік берді.

Жаратылыстану-ғылыми цикл сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту мәселесін қарастыру кезінде семинарға қатысушылардың қызметі ұйымдастырылды. Жас педагогтар іс жүзінде ұсынылған ресурстарды пайдалана отырып, академиялық мазмұндағы тапсырмаларды функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларға айналдырды.

Семинарға қатысушылар берген жоғары баға іс-шараның жақсы ұйымдастырылғанын, қарастырылған мәселелердің өзектілігін және осындай кездесулердің пайдалылығын көрсетеді.
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 02.11.2022 в 12:47