Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

2020 жылдың 15 қазанында ZOOM платформасында «Ұлылыр мұрасы және заманауи білім» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің І Халықаралық форумның «Жастар санасының жаңғыруындағы ұлылырдың ағартушылық қызметінің құндылық негіздерінің көрінісі»

2020 жылдың 15 қазанында ZOOM платформасында «Ұлылыр мұрасы және заманауи білім» тақырыбындағы   қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің І Халықаралық форумның «Жастар санасының жаңғыруындағы ұлылырдың ағартушылық қызметінің құндылық негіздерінің көрінісі» тақырыбындағы  секция жұмысы өтті.  Жұмысты секция модераторы  Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Саурбаева Салтанат Бүркітқызы жүргізді. 


2020 жылдың 15 қазанында ZOOM платформасында «Ұлылыр мұрасы және заманауи білім» тақырыбындағы   қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің І Халықаралық форумның «Жастар санасының жаңғыруындағы ұлылырдың ағартушылық қызметінің құндылық негіздерінің көрінісі» тақырыбындағы  секция жұмысы өтті.  Жұмысты секция модераторы  Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Саурбаева Салтанат Бүркітқызы жүргізді. 

Әдістемелік көпір түрінде өткізілген жұмысқа Түркі елі, Анкара қаласынан  түркітаным орталығының директоры, түркі тілі қоғамының мүшесі, университет профессоры Ченгел Касапоглу Хулия ханым қатысып, қазақ халқының ұлылары мұрасының маңыздылығы жайында ой-пікірімен бөлісті. Өз сөзінде жастар тәрбиесіне  ықпал ететін қазақ зиялылары, Алаш ұраншыларының еңбектеріне тоқталды. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің бүгінгі күні жастар үшін маңыздылығын ашып көрсетті.

Сонымен қатар, өз қоржындарындағы әдістемелік жұмыстармен бөліскен  әріптестеріміз:  

  1. Казкенова Сауле Тургуновна, Маханбетова Зәуре Нағашыбайқызы  - тақырыбы: «Абай шығармаларын жаңаша көзқараспен оқыту»,  Нұрсұлтан қаласы, «Гуманитарлық колледж» МҚКК , қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытушылары.
  2. Нүрпеисова Еркеш Болатбековна – тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы білім мен тәрбие сабақтастығы», Семей қаласы, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
  3. Омарова Баглан Советқызы, Құдыкенова Жұлдұз Маратқызы,– тақырыбы: «Білім алушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда белсенді оқыту тәсілдерін  қолдану»,  Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушылары. Петропавл қаласы.
  4. Ешмұқанова Ақжарқын Макеновна – Тақырыбы: «Кәсіби қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту», «Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі»  КҚМК,  кәсіби қазақ тілі  пәнінің оқытушысы
  5. Оспанова Айгүл Самуратовна – тақырыбы: «Қазақ тілін кәсіби мамандыққа сәйкес оқыту» «Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол колледжі», кәсіби қазақ тілі пәнінің  оқытушысы
  6. Кожахметова Самал Рамазанқызы – тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту кезінде ұстаздардың ынта-жігерін арттыру», Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің психология пәні оқытушысы.

Жұмыс барысында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, кәсіби қазақ тілі пәндерін оқыту   арқылы жастар санасы мен ойлауының жаңа моделін қалыптастыру мәселесі қарстырылды. Тыңдаушы ретінде кәсіптік және техникалық білім беретін ұйымдарының тіл мамандары, студенттер қатысты.


Пікір жоқ
510 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 16.10.2020 в 08:55

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour