Тұңғыш Президент-Елбасы қорының бастамасымен «Ел үміті» жол картасы іске қосылды. «Ел үміті» жол картасы әр өңірдің талантты және шығармашыл жастарын анықтау мақсатында қызмет жасайды.
Тұңғыш Президент-Елбасы қорының бастамасымен «Ел үміті» жол картасы іске қосылды. «Ел үміті» жол картасы әр өңірдің талантты және шығармашыл жастарын анықтау мақсатында қызмет жасайды.
Жол картасына бірнеше бағдарлама кіреді. Солардың бірі – «Мың бала» зияткерлік олимпиадасы.
«Myń bala» жобасы жыл сайын ауылдан келген 5 және 6 сыныптардың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтап, құрдастарымен сәтті бәсекелесе отырып, елдің ең жақсы мектептерінде білім алуға мүмкіндік береді.
Олимпиаданың мақсаты-ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрады –сырттай және бетпе-бет. Бірінші кезеңде ауыл мектептерінің 5 және 6 сыныптарының 200 оқушысы ағымдағы оқу жылының 1 және 2 тоқсанының қорытындысы бойынша олардың үлгерім нәтижелері негізінде іріктелді. Бағалау пәндері: «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі».
Бүгін, 2020 жылғы 21 тамызда, Петропавл қ., Көкшетау қ. және Нұр-сұлтан қ. Назарбаев Зияткерлік мектеп базаларында 2 кезең өтті, оған Солтүстік Қазақстан облысының 123 оқушысы қатысты.
Олимпиада нәтижелері 2 кезеңнен 2 апта өткен соң www.fpp.kz интернет-ресурсында жарияланады.