2020 жылғы 19 тамызда "Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" КММ «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мұғалімдерге арналған жыл сайынғы облыстық тамыз конференциясы өтті
2020 жылғы 19 тамызда "Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" КММ «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мұғалімдерге арналған жыл сайынғы облыстық тамыз конференциясы өтті. Онлайн секция жұмысына облысымыздың 236-ға жуық педагогтары қатысты. Біздің облыстың пилоттық білім беру ұйымдарының келесі педагогтары өзекті жұмыс әдістері мен тәжірибелерімен бөлісті:
- Жукенова Балдырған Гомаровна - "Жоғары колледж" КММ оқытушысы «Өзін-өзі тану»МБҰ бағдарламасын іске асыру контекстінде мектепке дейінгі ұйымдардың болашақ тәрбиешісінің кәсіби қалыптасуы» тақырыбы бойынша.
- Токанова Алма Баймукановна-Қызылжар ауданы «Соколов орта мектебі» КММ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында адамгершілік – рухани оқыту және тәрбиелеу құралдарымен тұлғаны жан-жақты дамыту»
- Шалахаев Бекайдар Жылқайдарұлы-Петропавл қ. «№ 42 орта мектебі» КММ директоры «Рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беруде мектеп пен отбасының өзара біріккен жұмыс»
- Баукенова Жазира Алтайқызы – «СҚО Білім басқармасы» КММ «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ «Өзін-өзі тану»пәнін оқытудағы әдістемелік ұсынымдар мен инновациялық тәсілдер»аға әдіскері.
Секция жұмысы аясында әр спикер пәнді оқыту және жобалық қызметте жұмыс істеу бойынша ұсыныстар берді.