Секция қатысушылары 2020/2021 оқу жылында келесі негізгі бағыттарды қолдауға бағытталған инновациялық білім беру ұйымдарының қызметін жалғастыру қажет деп санайды:
Секция қатысушылары 2020/2021 оқу жылында келесі негізгі бағыттарды қолдауға бағытталған инновациялық білім беру ұйымдарының қызметін жалғастыру қажет деп санайды:
- дарынды балаларды ерте анықтау жүйесін құру және жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру, дарынды балалар мен жастарды дамыту жөніндегі жұмысты, оның ішінде олимпиадалық және конкурстық қозғалыстарға одан әрі белсенді қатысу арқылы жалғастыру;
- білім беру ортасын дамыту мен жетілдіруге бағытталған инновациялық және эксперименттік жобаларды қолдау және іске асыру.
- педагогтердің оң инновациялық тәжірибесін қолдау, тарату және жеке білім беру траекторияларын таңдау мүмкіндіктерін кеңейту, педагогтердің де, оқушылардың да шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.
- заманауи технологияларды, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейін арттыруды қамтамасыз ету.
- кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыру, кәсіби өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін инновациялық мектептердің үздік педагогтарының тәжірибесін анықтау, шеберлік сыныптары, вебинарлар және тәжірибені таратудың басқа да нысандары арқылы педагогикалық ұжымдарды кәсіби дамыту мақсатында өзара алмасу
- инновациялық режимде жұмыс істейтін педагогтарға әдіснамалық және әдістемелік қолдау көрсетуді жетілдіру, қызметтер сапасын және инновациялық ұйымдар қызметінің нәтижелілігін бағалау мониторингін үнемі жүргізу
Пікір жоқ
540 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 20.08.2020 в 15:58