«Қашықтықтан білім беру жағдайында физика мұғалімдерінің оқу процесін ұйымдастыру: тәжірибесі мен болашағы.» алғаш рет бейне-конференция форматында өтті, бұл облыстың көптеген педагогтарын қамтуға мүмкіндік берді.
Келесі педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті:
Монтариди Ирина Николаевна Айыртау ауданы Константиновка ОМ физика пәнінің мұғалімі «Ауыл мектебі жағдайында қашықтықтан оқыту форматындағы жұмыс тәжірибесінен».
Алимова Наталья Маратовна Петропавл қ. №5 ОМ физика пәнінің мұғалімі тақырыбы: "Білім беру платформаларында оқу жұмысын ұйымдастыру тәсілдері (Google classroom және т. б.).
Полищук Елена Владимировна физика мұғалімі Петропавл қаласы «М. Айтхожин атындағы № 1 ОМ» тақырыбы: «Қашықтықтан білім беру жағдайында қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру» .
Физика сабағында үштілділікті енгізу бойынша жұмыс тәжірибесінен Петропавл қаласы №6 ОМ физика мұғалімі Осипова Ақбаян Айдарханқызы, Землякова Елена Николаевана бірінші IT-лицей және Сергеева Надежда Леонидовна Тайынша ауданы Драгомиров ОМ сөз сөйледі.
Конференция барысында педагогтар талқылаған мәселелер оқытудың тиімді практикасы мен оқушыларды белсенді оқыту мен бағалау процесіне тартудың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Мұғалімдер физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың маңыздылығын атап өтті. Білім алушылардың белсенді қызметіне бағытталған әдістерді қолданудың маңыздылығын атап өтті, Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен оқушыларды оқу процесіне сәтті тарту үшін әртүрлі онлайн ресурстарды пайдалану мүмкіндіктерін ашты.
Секция жұмысы сәтті және нәтижелі өтті.