Секция жұмысына облыс мектептерінің 300-ге жуық педагогтары қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыбы қазіргі білім беру контекстінде педагогикалық шеберлікті жетілдіру болды.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін ашуға бағытталған құрал ретінде интернет –ресурстарды пайдалану саласындағы өз тәжірибелерімен педагог - шебер, облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының жеңімпазы , Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишим №1 ОМ «Үздік педагог» облыстық конкурсының жеңімпазы - Мукашева Шынар Даутовна бөлісті.
Беляева Елена Валерьевна - педагог-шебер, Петропавл қаласындағы «Дарын» мектеп-лицейінің «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауының жеңімпазы педагогтарды авторлық бағдарламаның құрылу ерекшеліктерімен таныстырды.
С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Есқалиева Торгин Марлановна, бірінші жалпы білім беретін IT лицейдің бастауыш сынып мұғалімі және Әбішева Камшат Сырымовна қазіргі заманғы бастауыш мектептің имиджі неден қалыптасатынын айтты.
Бірінші гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Минюхина Ирина Александровна кері байланыстың оқу процесіне әсер етуінің тиімділігі туралы айтты.
ҚР-да инклюзивті білім берудің заманауи үрдістерін Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты, педагогика ғылымдарының магистрі Бибігүл Амангелдіқызы Дүйсенбаева ұсынды.
Секцияларға ұсынылған материалдар педагогтардың кәсіби қызметінде пайдалы және сұранысқа ие болады.
Сабақта қолданылатын жаңа технологиялар студенттерге шығармашылықпен жұмыс істеуге, қызығушылықтың дамуына ықпал етуге, белсенділікті арттыруға, баланың оқуға деген ынтасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.