Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Тәжірибе және перспективалар 2020 жылдың 18 тамызында «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ базасында жыл сайынғы облыстық тамыз конференциясы аясында шет тілі мұғалімдері секциясының жұмысы ұйымдастырылды.

«Шет тілін оқытудағы білім беру үрдістерінің тәжірибесі мен болашағы» секциясы алғаш рет бейне-конференция форматында өтті, бұл облыстың көптеген педагогтарын қамтуға мүмкіндік берді.

Келесі педагогтар өзекті жұмыс әдістерімен және тәжірибелерімен бөлісті:



«Шет тілін оқытудағы білім беру үрдістерінің тәжірибесі мен болашағы» секциясы алғаш рет бейне-конференция форматында өтті, бұл облыстың көптеген педагогтарын қамтуға мүмкіндік берді.

Келесі педагогтар өзекті жұмыс әдістерімен және тәжірибелерімен бөлісті:

- Малмасова Айнагүл Аманбайқызы, Аққайың ауданының "№2 Смирнов орта мектебі" КММ ағылшын тілі мұғалімі, «Қашықтықтан оқыту шеңберіндегі шет тілінің заманауи сабағы. Жоспарлау және нәтиже».

- Тобулбаева Ғалия Сансызбайқызы, ағылшын тілі мұғалімі «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ЛОРД» «Innovative approaches for conducting a foreign language lesson»

- Гайнуллина Ольга Юрьевна, Петропавл қ. «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп – кешені» КММ ағылшын тілі мұғалімі «The practical significance of the assessment of educational material»

- Черешко Тамара Владимировна, «Мамлют ауданының» Минкесер орта мектебі»КММ ағылшын тілі мұғалімі «CLIL-the effectiveness of improving the quality of education»

- Гладкова Оксана Яковлевна, «БЭСТ»гимназиясы КММ «Неміс тілі мұғалімі 1 сыныпта неміс тілін эксперименттік оқыту нәтижелерін талдау»

- Алибекова Дина Козыбаевна, «АТЕNK»  Солтүстік Қазақстан облысы ағылшын тілі мұғалімдері қоғамдық бірлестігінің вице-президенті.  «ATENK - Association of English teachers»

- Хамзина Камарай Файзуллиновна, Айыртау ауданының «Саумалкөл №2 мектеп– гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімі, «Педагог мәртебесі – табыс басымдығы».

Конференция барысында педагогтар талқылаған мәселелер оқытудың тиімді практикасы мен оқушыларды белсенді оқыту мен бағалау процесіне тартудың негізгі компоненттерін анықтауға мүмкіндік берді. Педагогтар шет тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың маңыздылығын атап өтті. Білім алушылардың белсенді қызметіне бағытталған әдістерді қолданудың маңыздылығын атап өтті, Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен оқушыларды оқу процесіне сәтті тарту үшін әртүрлі онлайн ресурстарды пайдалану мүмкіндіктерін ашты.

Секция жұмысы сәтті және нәтижелі өтті.


Пікір жоқ
452 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 19.08.2020 в 02:26

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour