Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, COVID - 19 пандемиясына байланысты 16-20 маусым күндері аралығында алғаш рет онлайн режимде 2-4 сынып оқушылары арасында "Бастау" ХІІІ республикалық математикалық турнирін өткізді.
2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» XІІІ республикалық математикалық турнирінің қорытындысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, COVID - 19 пандемиясына байланысты 16-20 маусым күндері аралығында алғаш рет онлайн режимде 2-4 сынып оқушылары арасында "Бастау" ХІІІ республикалық математикалық турнирін өткізді.
Математикалық турнир бұл - математикалық білімді мектепте одан әрі жетілдіру және кіші буын мектеп оқушыларының осы пәнге деген қызығушылығын арттырудағы жүйелі жұмыстарының бірі болып табылады.
Турнирдің басты мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.
Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан 2-4-сынып оқушылары арасында 141 қатысушы бәсекеге түсіп, 47 команда бақтарын сынады.
Турнирдің республикалық кезеңі ZOOM платформасының көмегімен және мына сайтта http://physmathacademy.eduterra.pro онлайн режимде үш тур бойынша өткізілді:
- «Әу, баста» (командалық есеп);
- «Асық» (командалық есеп);
- «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).
Турнирдің тапсырмалары математикалық логикаға негізделеді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.
Тапсырмаларды қорғаған кезде қатысушылар әділ қазылар алқасына шағымданып, өздерінің көзқарастарын дәлелдеді, бұл қазылар алқасының оқушының ынтасына деген достық қарым-қатынасында болды.
Турнир командалық сынақпен және жеке сынақпен ерекшеленеді. Команда қатысушылары өздерінің ептіліктерін, ұжымшылдықтарын және командада жұмыс істей білетіндерін көрсетті. Қазірдің өзінде ерте мектеп жасындағы қатысушылар нұсқаларды бір-бірімен ұжым болып шешуге, келісуге үйренуде. Жеке сынақта қатысушылар тапсырмаларын жай ғана орындамай, оны ауызша дәлелдеді. Әр турдан кейін Тунир өткен платформада турдың нәтижелері рейтингтерімен бірге жарияланып отырды.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Дарын" РҒПО дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды
Жеке сынақ бойынша 63 оқушы марапатталды. Оның ішінде 11 оқушы - І дәрежелі дипломға, 23 оқушы - ІІ дәрежелі дипломға, 29 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Командалық сынақ бойынша жүлделі орындарға ие болған 22 команда анықталды.
Петропавл қаласы «Бірінші қалалық жалпы білім беретін ІТ-лицейі» КММ 3-сынып оқушысы Мусин Данияр және «Бірінші гимназиясы» КММ 3-сынып оқушысы Расин Матвей 3 жүлделі орынды иеленді. «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің» 3-сынып оқушысы Ғалымжан Диана «Дарын» РҒПО грамотасына ие болды.
Командалық сынақта ІІ орынды - Петропавл қаласы «Бірінші қалалық жалпы білім беретін ІТ-лицейі» және «Бірінші гимназиясы» иеленді.