Облыс педагогтарының шығармашылық және кәсіби әлеуетін жандандыру, инновациялық тәжірибені қолдау және тарату мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде облыстық бейне-сабақтар байқауы аяқталды.

Байқау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 24 мамыры аралығында өткізілді.
Облыстың 150-ден астам педагогы осы байқауға қатысты. Сараптама комиссиясының шешімі бойынша бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бағыттары бойынша қорытынды шығарылды.
Байқау жеңімпаздары «Үздік бейне-сабақ» дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздар педагогтарының материалдары сайтта орналастырылады http://cmrito.sko-bilim.agartu.kz/, өз кезегінде педагогикалық тәжірибені облыстық деңгейде тарату болып саналады.
Конкурс өткізу туралы ережеге сәйкес материал жіберген барлық қатысушылар конкурсқа қатысушы СЕРТИФИКАТЫН алады.
Скачать