2020 жылғы 27-28 сәуір аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ «Орта білім берудің жаңартылған мазмұны» бөлімімен «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңін және «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсын өткізу бойынша онлайн-кеңестер ұйымдастырылды.

Онлайн-кеңеске қатысушылар: облыстың білім беру бөлімдерінің әдіскерлері мен облыстың білім беру ұйымдарының педагогтары.
Барлық қатысушылар 74 педагог пен әдіскер.
Онлайн кеңес беру барысында 2 байқаудың өткізу ережелері түсіндірілді. Бөлім әдіскерлері материалдардың мазмұны, аналитикалық есеп, эссе жазу құрылымы бойынша сұрақтарға жауап берді.
«Үздік педагог» конкурсына қатысушылардың портфолио материалдарын тапсыру күні белгіленді - 2020 жылдың 5 мамыры.
Сарапшылардың материалдарды алғаш қарап шыққаннан кейін онлайн кеңес берудің келесі күні шамамен 2020 жылғы 11 мамырда өтеді.