2020 жылдың 18 ақпанында Қорған облысы Петухов ауданы Ақтабан орта мектебінің базасында (Ресей Федерациясы) «Білім берудегі сандық технологиялар» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
«Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Білім беру ұйымдары педагогтарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту бөлігінде «Бірлестік» жобасын жүзеге асыру аясында, 2020 жылдың 18 ақпанында Қорған облысы Петухов ауданы Ақтабан орта мектебінің базасында (Ресей Федерациясы) «Білім берудегі сандық технологиялар» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Семинар жұмысына Қорған облысының Білім және ғылым департаменті жалпы және кәсіптік білім беру басқармасының бастығы, сондай-ақ Қорған облысының білім беруді және әлеуметтік технологияларды дамыту институты ректорының м.а. қатысты.
Семинарға қатысушылар «БСӘЖжТО» КММ әдіскерлері, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, Солтүстік Қазақстан және Қорған облыстарының білім беру ұйымдарының педагогтары – ОБЖ, 3D-үлгілеу, квадрокоптерлерді мәнерлеп жүргізу және шахматтық жаппай оқыту бойынша сабақ өткізу тәжірибесімен алмасты. Семинар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей мектептерінің оқу үрдісінде сандық технологияларды тиімді пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді.