1-7 сынып оқушылары арасындағы республикалық
«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық
жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізілгені туралы
Конкурстың негізгі мақсаты: балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Конкурстың негізгі міндеттері:
- зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
- оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру;
- қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару.
Конкурсқа жас зерттеушілер - 1-7 сынып оқушылары, жеке, сондай-ақ, командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) қатыса алды.
Конкурс үш кезеңде өткізілді:
1) бірінші кезең – аудандық\ қалалық;
2) екінші кезең – облыстық (іріктеу)
3) үшінші (қортынды) кезең - республикалық.
Конкурсқа облыс мектептерінің 1-7 сынып оқушылары қатыса алды.
Конкурс екі жас топтары бойынша өткізілді:
кіші жастағы топ - 1-4 сыныптар (100 оқушы);
ересек жастағы топ - 5-7 сыныптар (105 оқушы).
Конкурсқа 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданды:
1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;
2 секция - орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі;
3 секция - математика, информатика;
4 секция - физика, техника;
5 секция - медицина, психология;
6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
7 секция - химия, биология;
8 секция - экология, валеология.
Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялык, эксперименттік, ойлап тапқыштық негізде болады. Жұмыс қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды.
Жеңімпаздар әрбір секция бойынша екі жас тобы бойынша анықталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Конкурстың облыстық кезеңі қорытындысы бойынша қорытынды кезеңге қатысушылардың тізімі қалыптастырылады (1 орын алғандар).