Ағымдағы жылдың 30 қазан мен 1 қараша аралығында Тараз қаласында Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің базасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті.
Педагогикалық олимпиада мұғалімдердің дарынды балалармен –педагогикалық білім берудің барлық деңгейлерінде (ЖОО дейінгі, ЖОО-ның және ЖОО- нан кейінгі) жұмыс жасауға дайындықтың бір түрі болып табылады.

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиадада біздің өңіріміздің атынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары – жоғары сынып оқушылары, тәлімгерлер, жас педагогтар қатысты. Олимпиада қатысушылары үшін негізгі жарыстар екінші күні 2 кезеңде өтті.
Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің педагогтар келесі жүлделі орындарға ие болды:
2 орын – Кемеңгерова Гүлбағыш Акжигитовна, «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
3 орын – Парахатов Нурсултан Дастанович, «әл-Фараби» мектеп-лицейі» КММ аға тәлімгері;
3 орын – Ортамышев Мурат Жмобаевич, М. Жұмабаев ауданы «Қарақоға орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі.