Фестивалі аясында DIGITAL URPAQ оқушылар сарайында 2019 жылғы 11 қыркүйекте «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!» атты Қазақстан халқы тілдерінің фестивалін өткізді.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ және облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы Қазақстан халқы тілдерінің XXI облыстық фестивалі аясында DIGITAL URPAQ оқушылар сарайында 2019 жылғы 11 қыркүйекте «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!» атты Қазақстан халқы тілдерінің фестивалін өткізді.
Тіл-бұл біздің қоғам бірлігінің негізі, қазақстандық патриотизмнің негізі, тіл саясаты біздің еліміздегі достық пен ұлтаралық келісімді нығайтады. Бұл бүкіл Қазақстан халқы үшін ортақ мереке.
Мерекелік бағдарламаға қала және облыстың шығармашылық ұжымдары қатысты: «Алуа» халықтық би ансамблі, № 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушылары, «Тұмар» би ансамблі, «Дружные ребята» үлгілі би ансамблі, «Қарлығаш» үлгілі хореографиялық ансамблі, «Лорд» лицей-мектебінің оқушылары, «Қуанамын» халық би студиясы, «Звонница-Наследие» казак әндері фольклорлық ансамблі, «Айналайын» үлгілі эстрадалық ән ансамблі. Бұл іс-шараның көрермендері Петропавл қаласының оқушылары болды.
Қазақстан халқы тілдерінің ХХІ облыстық фестивалі аясында келесі іс-шаралар жоспарланып отыр: «Ілеспе аударманы оқыту, тіл мәдениетін жетілдіру» тақырыбында Мастер-класс, «Тілдарын» облыстық байқауы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында), облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында «Тіл керуені», түрлі этностардың мемлекеттік тілді білу бойынша «Тіл шебері»облыстық байқауы.