Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында ұйымдастырылған дәстүрлі ХХ Республикалық Абай оқулары 20 – шы рет өткізілді. Қазақстаннның әр аймағынан дарынды 132 оқушы қатысты. Солтүстік Қазақстан облысының аймағынан ХХ Республикалық Абай оқуларына төмендегі оқушылар қатысты
Білім беру ұйымдарының 8-11(12) сынып оқушылары арасында өткен
ХХ Республикалық Абай оқуларының
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында ұйымдастырылған дәстүрлі ХХ Республикалық Абай оқулары 20 – шы рет өткізілді. Қазақстаннның әр аймағынан дарынды 132 оқушы қатысты. Солтүстік Қазақстан облысының аймағынан ХХ Республикалық Абай оқуларына төмендегі оқушылар қатысты:
Ақжар ауданы – 10-сынып оқушысы Қайыржан Назира
Шал ақын ауданы – 10-сынып оқушысы Ашимова Айшагуль
Уалихан ауданы – 9-сынып оқушысы Сарманова Сабина
Тайынша ауданы – 9- сынып оқушысы Түлек Дильназ
Әбу-Досмұқанбетов атындығы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық қазақ мектеп-гимназия – 9-сынып оқушысы Жумин Ермек
Оқушылардың кауіпсіздігі мен денсаулығына жетекші Капенова Б.К. бекітілді. Жол жүру кезінде оқушылар өзара бір-бірлерімен танысты және қызығушылықтарын білді. Жетекші оқушылармен бірден тіл табыса алды.
Семей қаласына келгенде темір жол вокзалынан арнайы адам карсы алып «Турист» конақүйіне жеткізді. Оқушылар белгіленген орындарына жайғасты.
Оқушылар орналаскан соң осы қонақүйдегі асханада түскі аспен тамақтанды.
Бірінші күні қаланың орталығындағы Абай алаңында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Бұл жерде жас дарындардың өлеңдерін, биді тамашалады. Семей қаласының әкімі және білім бөлімінің басшылары келген оқушыларға сәттілік тілеп құттықтау сөздерін айтты. Кейін оқушылар қалалық Абай мұржайына саяхат жасады. Сол ғасырдың тұрмыстық заттары, бұйымдары және деректерімен таныс болды.
Бейбітшілік аралындағы биологиялық орталыққа саяхат жасады. Ондағы ерекше өсімдіктер, улы қоңыз, түрлі құстар мен жануарлар туралы ақпараттар алды. Семей ядролық полигоны монументі жанында тарихи оқиғаға байланысты ойларымен бөлісті. Өздерін толғандырған түрлі сұрақтарына жауаптар алды.
Екінші күні Абай ауданына жол жүрді. Барша оқушылар мен жетекшілерді Абай ауданының шекарасы Бөрлі жерінде қарсы алу рәсімі өтті. Ақжаулықты әжелер шашумен, ыстық ықыласпен сәлемдесті. Мектеп-лицейінің оқушылары Абай Құнанбаевтың балалық шағымен байланысты театрландырылған көрініс қойды. Қатысушы оқушыларға көрініс өте ұнады.
Сол жерде орналасқан Мұхтар Әуезовтың мұражайына саяхаттау жалғасты.
Мұражайда жазушының қолжазбалары, еңбектері, құнды жәдігерлер оқушыларымызды бейжай қалдырмады.
Барша қатысушылар Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың туған жеріне саяхат жасады. Мұхтар Әуезов орта мектебінің оқушылары өздерінің дайындаған өлеңдерін мәнерлеп оқып, сол жердің қасиеті мен құндылығы жайында баяндап берді. Кейін қатысушылар «Еңлік – Кебек» ескерткіші басындағы театрландырылған көріністі тамашалады. Мектеп-лицейінің оқушылары кейіпкерлер образын сомдауда үлкен шеберлік танытты. «Еңлік-Кебек» драмасының желісі бойынша қойылған үзіндіде Еңлік пен Кебекпен мәңгілік махаббат арқылы қосылғанын көрсетті.
«Үй тас» бұл жерде оқытушылар мен студенттер жоғары актерлық шеберлікпен Абай жолы роман-эпопеяснының үзіндісін көрсетті. Оқушылар романдағы оқиғаның желісін ауызша айтты және негізгі тақырыбын анықтады. Шілікті кезеңіндегі көріністі тамащалау Абай өмір сүрген ортаның көрінісін айқындады. Ұлы кемеңгердің ойы мен мақсат-мұраттарын ашық көрсетті. Осылайша қатысушылар Ұлы дана Абайдың балалық шағынан бастап қартайған кезіне дейін біле алды.
Абай Құнанбаевтың мұражайына саяхат жасау барысында тұрған үйіне барып, өткен заманның жәдігерлеріне куә болдық. Көненің көзін тұрмыстық заттар, құнды бұйымдардың ерекшелігін, құндылығын барынша түсіндік.
Абай ауданындағы мәдениет үйінде ХХ Республикалық Абай оқуларының салтанатты жиынына катыстық. Облыс әкімшілігі және «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырушылары сөз сөйлеп қатысатын оқушыларға «Ақ жол» тіледі. Кеш Абайдың әндері және өлеңдерін орындаумен жалғасын тапты. Қатысушылар Қарауылдағы Ұлы Абайдың ескерткіштеріне гүл щоқтарын қойды. Жидебай елінде «Өлең сөздің патшасы» өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту, «Жүйріктен жүйік озар» ақындар шығармалары өтсе, «Көңілім әнді ұғады» ән айту мәдениет үйінде, эссе жазу жұмыстары мектеп-гимназияда жалғасын тапты. Қатысқан оқушылардың жеңіске деген ерік-жігері, ынтасы, дайындығы бірден көрінді. Дарынды оқушылардың дайындық деңгейлері жоғары болды. Жарысты қорытындылау Абай аудандық мәдениет үйінде өтті. Оқушылар жоғары деңгейде дайындалғаны бірден байқалды. Жеңіске деген ұмтылыс, өздерін ұстауы, ерік-жігерлері анық еді.
Ақжар ауданы Алқатерек орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қайыржан Назира «Өлең сөздің патшасы» аталымында ІІІ - дәрежелі Диплом.
Уалиханов ауданы Озерный орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сарманова Сабина «Көңілім әнді ұғады» аталымында ІІІ – дәрежелі Диплом.
Әбу-Досмұқанбетов атындығы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық қазақ мектеп-гимназия – 9-сынып оқушысы Жумин Ермек -«Жүйріктен жүйрік озар...» аталымында Дипломмен марапатталды.