2019 жылғы 27-28 маусым аралығында «Білім беру процесін әдістемелік қолдауды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында Республикалық оқу-әдістемелік Кеңестің кезекті отырысы өтті.
2019 жылғы 27-28 маусым аралығында «Білім беру процесін әдістемелік қолдауды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында Республикалық оқу-әдістемелік Кеңестің (бұдан әрі – РОӘК) кезекті отырысы өтті.
Орта білім беру саласындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаменті, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырды.Білім басқармасы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы. Отырысқа 200-ден астам адам, РОӘК мүшелері (өңірлердің облыстық, аудандық/қалалық оқу-әдістемелік кабинеттерінің басшылары, меңгерушілері), сондай-ақ Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері қатысты.
Оқу-әдістемелік кеңес отырысының мақсаты орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін әдістемелік қолдаудың тиімді жолдарын анықтау болып табылады.
Пленарлық отырыстың ашылуында ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Қадырова Шолпан Маратқызы құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен қатар, пленарлық отырыста сөз сөйледі:
- Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жылбаев Жанбол Октябрұлы 2019-2020 оқу жылында «Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Каринова Шолпан Танатқызы «Мұғалімдер арасындағы TALLIS халықаралық зерттеу нәтижелері туралы» тақырыбында баяндама жасады.
-Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Каримова Гүлмира Райымбекқызы «Солтүстік Қазақстан облысының Білім беру жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.
-Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы директорының орынбасары Әсем Хасенқызы Нускенова «Педагогтардың ғылыми-әдістемелік қызметін кешенді бағалаудағы «Шығыс» өңірлік орталығының сараптамалық кеңесінің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
- Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім мазмұнын әдіснамалық қамтамасыз етуді үйлестіру орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы Ахметова Гүлнар Батырбекқызы «Сараптамалық кеңес туралы ереже» жобасын ұсынды.
2019-2020 оқу жылында оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастыру бойынша келесі мәселелер талқыланды: жаңартылған білім беру мазмұнындағы Типтік оқу бағдарламаларының ерекшеліктері; жаңа оқу пәндерін енгізу («Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық»); «Қазақстан тарихы» (қазақ тілінде),»Дүниежүзі тарихы» (орыс тілінде) оқу пәндерін пилоттық режимде оқыту; типтік оқу бағдарламаларының ерекшеліктері; әдіскерлерге арналған тренингтік курстарды ұйымдастыру.
Пленарлық отырыстан кейін РОӘК қатысушылары Петропавл қаласының білім беру ұйымдарына барды, онда Солтүстік Қазақстан облысының білім беру жобалары ұсынылды.
Оқу-әдістемелік кеңес отырысында білім беру көшбасшылары, облыстық білім басқармаларының басшылары, педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері, Республикалық оқу-әдістемелік кеңес мүшелері тәжірибе алмасты,білім беру процесін әдістемелік қолдаудың тиімді жолдарын анықтау бойынша пікір алмасты.
Екінші күні «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» Ұлттық білім академиясы және Педагогикалық шеберлік орталығы ДББҰ дайындаған фасилитациялық сессия форматында семинар өткізілді.