2019 жылғы 27-28 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Білім беру үрдісін әдістемелік қолдаудың тиімді жолдарын анықтау мақсатында Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Берілген іс-шараның ұйымдастырушылары ҚР Білім және ғылым министрлігі және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.

РОӘС жұмысына ҚР Білім және ғылым Министрлігі мектепке дейінгі және орта білім Департаментінің директоры Шолпан Маратқызы Қадырова, Ұлттық академия президенті, педагогикалық ғылымдар кандидаты Жанбол Октябрұлы Жылбаев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Шолпан Танатқызы Каринова қатысты.
Екі күндік жұмыс барысында келесі сұрақтар талқыланды:
- Эксперттік Кеңес туралы ереже жобасы;
- 2019-2020 жылдары білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Сонымен қатар іс-шараның бірінші күні Солтүстік Қазақстан облысы білім жүйесінің білім беру жобасы ұсынылды.
Екінші күні, 28 маусым «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен Ұлттық академия дайындаған тренингтер өткізілді.
Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің жұмысына 200 әдіскер қатысты.