Осы ереже «Математика сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі» облыстық Байқауын (әрі қарай – Байқау) ұйымдастыру, өткізу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді.
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
- Осы ереже «Математика сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі» облыстық Байқауын (әрі қарай – Байқау) ұйымдастыру, өткізу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді.
- Байқаудың ұйымдастырушысы – Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ
- БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
- педагогтардың кәсіптік шеберлігін арттыру (соның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша).
- БАЙҚАУДЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Олимпиадаға барлық үлгідегі облыстың жалпы білім беретін мекемелердің мұғалімдері қатыса алады. Жасы мен жұмыс өтілі бойынша шектеулер жоқ. Қатысу тілі - қазақ және орыс тілі (таңдау бойынша).
- БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ, ТҮРІ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ:
- Байқау 2018 жылғы 2 мамырдан 15 маусым аралығында сырттай өткізіледі. Өтінімдер мен материалдар 2018 жылғы 31 мамырға дейін erm_ak67@mail.ru электронды адресінде қабылданады;
- Байқауға қатысу үшін байқаудың ұйымдастыру комитетіне:
- Байқау материалдары мынадай әдістемелік әзірлемелерден тұрады:
- сабақ жоспары (конспект, сценарий);
- Байқауға сабақтың әдістемелік әзірленуі (6 беттен артық емес) және қосымшалар (қажет болғанда 10 беттен аспауы керек) ұсынылады. Құжат форматы: А4; Times New Roman шрифті, көлемі 14; файл пішіні: docx, doc; өрістер: сол жағы - 3 см, қалғандары - 1,5 см Ұйымдастыру комитетімен келісе отырып, келесі форматтағы қосымша материалдар: MS Excel, jpg, mp4 және т.б.
- "Математика сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі(5-6 сынып)";
- "Алгебра сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі";
- "Геометрия сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі ".
- Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы әрбір номинация бойынша конкурсқа қатысушылардың рейтингісін жасайды;
- Байқауды ұйымдастыру комитеті:
- байқаудың әділқазылар алқасы құрамын білім беру ұйымдары педагогтары құрамынан жасақтайды;
- Ұйымдастыру комитетінің міндеттері мен құқықтары:
- Байқаудың қазылар алқасы осы Ережеге сәйкес үздік жұмыстарды іріктеу және жеңімпаздарды анықтау мақсатында құрылады;
- Қазылар алқасының міндеті - қатысушылар ұсынған материалдарды қарау және конкурстың жеңімпаздарын осы Ережеге сәйкес анықтау.
7. ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ 7.1 Байқаудың нәтижелері 2018 жылғы 2 маусымынан 15 маусымға дейін шығарылады. Конкурстың нәтижелері http://cmrito.sko-bilim.agartu.kz/ сайтында 2018 жылғы 15 маусым күні жарияланады. ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ӨТІНІМ ФОРМАСЫ«МАТЕМАТИКА САБАҒЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ»
Автордың аты-жөні (толық куәлікке сәйкес)
______________________________________________________________
Сабақтың әдістемелік әзірлеме бағыты (номинациясы)
____________________________________________________________
Сабақтың әдістемелік әзірлемесі тақырыбы _______________________________________________________________
Жұмыс орны (мекенжай, телефон) ______________________________
Лауазымы: __________________________________________________
Үй мекен-жайы (толық мекен-жайы, байланыс телефоны, электронды адресі) _______________________________________________________
Толтыру күні _________ Қолы __________
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
№ | Критерийлері | Ұпайдың максималды саны |
1 | Оқу жұмысының мақсаттары мен міндеттерінің анықтығы | 5 |
2 | Материалдардың мазмұны жарияланған мақсаттарға, жоспарланған нәтижелерге және таңдалған оқыту әдістеріне (әдістердің, әдістер мен технологиялардың сипаттамасының анықтығы) сәйкес келеді | 6 |
3 | Оқыту сабағы жаңа білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған | 4 |
4 | Оқытудағы жүйелілік жұмыс әдісін қолдануы | 7 |
5 | Тапсырмаларды орындаудың үлгілері мен мысалдарының бағалау критерийлерінің болуы | 5 |
6 | Бағалау критерийлерінің оқыту мақсатына сай болуы | 3 |
7 | Ынталандыру әдістері мен жағдайлардың болуы, сыныптың әр оқушысының белсенді іс-әрекеттерге қатысуы | 5 |
8 | Интерактивті жабдықтарды, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану мен қолданудың орындылығы | 5 |
9 | Мазмұнның шынайылығы мен толықтығы | 5 |
10 | Практикалық құндылығы | 5 |
11 | Қол жетімділігі; | 4 |
12 | Оқушылардың жас ерекшелігіне және психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сай болуы | 4 |
13 | Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сай болуы | 7 |
14 | Авторлық құқық материалдарын (авторлық құқықты сақтау) пайдалану ресурстары тізімінің болуы | 5 |
| ЖАЛПЫ | 70 |
Тегтер:
cmrito
Пікір жоқ
2536 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 02.05.2018 в 00:00