Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«АСТАНА – БОЛАШАҚ ҚАЛАСЫ: ЕЛОРДА АРХИТЕКТУРАСЫ, 20 ЖЫЛ» тақырыбындағы VIII Наурыз кездесулері.

   Ғылыми жарыстардың, олимпиадалардың жеңімпаздары мен зерттеу және жобалау жұмыстарымен айналысатын Солтүстік Қазақстан обылысының төрт оқушысы 2018 жылдың 18-19 наурыз аралығында «Назарбаев Зияткерлік метпептер» АҚБ ұйымдастыруымен «Астана – болашақ қаласы: Елорда архитектурасы, 20 жыл» тақырыбындағы VIII Наурыз кездесулеріне қатысты.


«АСТАНА – БОЛАШАҚ ҚАЛАСЫ: ЕЛОРДА АРХИТЕКТУРАСЫ,
20 ЖЫЛ» тақырыбындағы VIII Наурыз кездесулері.
 
   Ғылыми жарыстардың, олимпиадалардың жеңімпаздары мен зерттеу және жобалау жұмыстарымен айналысатын Солтүстік Қазақстан обылысының төрт оқушысы 2018 жылдың 18-19 наурыз аралығында «Назарбаев Зияткерлік метпептер» АҚБ ұйымдастыруымен «Астана – болашақ қаласы: Елорда архитектурасы, 20 жыл» тақырыбындағы VIII Наурыз кездесулеріне қатысты.
Наурыз кездесулер кезіңде  өткізілген көптеген іс-шаралар оқушылар отбасыларында және мектептерінде ұзақ уақыт еске алып отырады.
   Екі күн аралығында қатысушыларға келесі іс-шаралар ұсынылды: National geographic «Астана – болашақ қаласы» филмінің көрсетілімі, «Саулет және қала құрылысы»,«Ғимараттардың инженерлік коммуникациялық қызметтеріндегі энергия тиімділігі мен қазіргі заманғы үрдістері» және т.б. тақырыптары бойынша дәрістер оқылды, «Астана геометриясы» практикумына қатысып, нәтижесінде барлық қатысушыларды оқушыларының 10 станцияға бөлініп әр түрлі ғимараттардың макетін жасап, архитектуралық жоба жұмыстарын қорғады.
   Салтаннатты жабылу барысында қатысушылар назарына "Наурыз тарту"  әдемі  мерекелік қөрініс ұсынылды,  жабылу салтанатының соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Қатысушылардың әрқайсысы осы кездесудің әртүрлі номинациялар бойынша сертификаттарымен және дипломдарымен марапатталды («Түпнұсқаның үздік прототипі» Турсункулов Рахмон, Кызылжар ауданының Бәйтерек ОМ оқушысы, «Үздік жасыл ғарыш жобасы» Муртазов Саид Мамлют ауданының Покровка ОМ оқушысы және т.б.).
   Астана қ. айтулы орындарға ұмытылмас саяхат ұйымдастырылды: Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы, EXPO Астана және балалар ерекше ұнатқан «Нұр әлем» сферасы. Сонымен қатар «Әлемнің жеті кереметі» әлемдік архитектуралық нысандарға арналған фильмді тамашалады.
Солтүстік Қазақстан облысымыздың  оқушылары сапардан көптеген әсерлер алды. Олар көпұлтты отанымыздың түкпір-түкпірінде көптеген достар таба алды. Екі күндік кездесулерінде оқушылар көптеген әсерлер алып, жақсы көңіл-күймен үйлеріне оралды.

Тегтер:  CMRITO

Пікір жоқ
1240 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 02.04.2018 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour