Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» Халықаралық педагогикалық форумы

 «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының 20-жылдығына орай, 2017 жылдың 25-30 қазаны аралығында, Алматы қаласында  «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» Халықаралық педагогикалық форумы өтті.

Форумның тұжырымдамасы: өзін-өзі тану тұрақты өзгеріп отырған әлем жағдайында адамның толыққанды өзін-өзі жүзеге асыру үшін жан-жақты мүмкіндіктерді қамтитын болашақтың білім беру моделінің негізі. Форумның мақсаты: педагогикалық тәжірибе алмасу және рухани-адамгершілік білім беру жағдайындағы теориялық және практикалық ғылыми зерттеулерді реттеу. Форум жұмысы барысында ата-аналар конференциясы, Еуропа, Ресей және Қазақстан ғалымдары мен мамандарының қатысуымен секция жұмыстары өтті.

Форумға Солтүстік Қазақстан облысының Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік бағдарламасын енгізу бойынша пилоттық білім беру мекемелерінің мамандарынан құралған делегация қатысты. Форум қатысушыларына сертификаттар, С.А. Назараеваның кітабы және «Бөбек» ҰҒПББСО 20-жылдығына арналған төс белгілер табыс етілді.

Пікір жоқ
1235 қаралды
Авторы: cmrito
Қосылды: 06.11.2017 в 00:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер

Choose Colour