Президенттік олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін жыл сайынғы іс-шара болып табылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Х Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңін өткізу туралы ақпарат
Президенттік олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін жыл сайынғы іс-шара болып табылады.
Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең - өңірлік -28 қыркүйек күні бүкіл Республика бойынша өткізілді.
2) екінші - іріктеу кезеңі а.ж. 18 қазанда екі турда өткізілді:
1-тур - қашықтық – ҚР Білім және Ғылым Министірілгінің иттерактивті студиясынын онлайн-режимінде сағат 10.00
2 тур - шығармашылық, эссе жазу 12.30 сағатта өтті.
3) үшінші (қорытынды) кезең – республикалық 2017 жылы 7 - 10 қарашада Қарағанды облысы Темиртау қаласында өтеді.
Іріктеу кезеңіне өңірлік кезеңінде ең жоғары балл жинаған 20 оқушы қатысты. Барлығы әр пән бойынша 10 сұрақтан - 40 сұрақ болды (әр сұрақ қиындығына байланысты 2 немесе 3 балл мен бағаланды).
Іріктеу кезеңінін қортындысын «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы жасайды және www.daryn.kz. cайтында орналастырады.