2017 жылғы 22 маусым Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданының Сарытомар ауылында дәстүрлі XIII Мағжан оқуларыныңреспубликалық кезеңі өткізілді. Іс-шара үлы ақынның туып өскен жеріндегі ақын рухына арналған құлыптасқа және ескерткіштеріне тағзым ету рәсімінен бастау алды.
2017 жылғы 22 маусым Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданының Сарытомар ауылында дәстүрлі XIII Мағжан оқуларыныңреспубликалық кезеңі өткізілді. Іс-шара үлы ақынның туып өскен жеріндегі ақын рухына арналған құлыптасқа және ескерткіштеріне тағзым ету рәсімінен бастау алды. Сонымен қатар жас дарындар өңірдің және республикадан келген зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізілді.
Ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтұлы Айтов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын,халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты- Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, «Мағжан» журналының және «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы- Жарасбай Қабдоллаұлы Сүлейменов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Қазақстан-заман» халықаралық газеті директорының бірінші орынбасары- Сәуле Мешітбайқызы Мешітбаева Мағжанға, Қызылжар өлкесіне, ерке Есілге арналған шығармаларын оқып, жас буынды поэзияға, өнерге баулап, шабыт сыйлады.
Мағжан оқуларына Республиканың барлық өңірлернен 150 тарта дарынды оқушы қатысты.
Мағжан оқуларының мақсаты: Қазақстан Республкасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын, Қазақстан Республкасының «Тілдер туралы» Заңын және «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұлт ақыны, жыр пайғамбары, жырлары ұлтымыздың рухына айналған Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа таныту, қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, мектеп оқушыларының классикалық әдебиетке қызығушылығын арттыру, ұлттық ой-сананың қалыптасуына ықпал ету.
Мағжан оқулары үш номинация бойынша өткізілді: «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» Мағжан шығармаларын жатқа айту:
І орын – Ілес Шірінгүл ОҚО, Сарыағаш ауданы, №29 Ұлықбек атындағы орта мектеп;
ІІ орын – Сақып Жәмилә Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп;
ІІ орын – Жексенова Жанар Атырау облысы, Жылой ауданы, №1 орта мектеп;
ІІІ орын – Қосымбаева Ақерке Маңғыстау облысы, Шахта орта мектебі;
ІІІ орын – Еркін Әдия СҚО, Петропавл қаласы, қазақ мектеп-гимназиясы;
ІІІ орын – Өкен Әбілқайыр Алматы облысы, Б. Жолбарысұлы ат. №18 орта мектеп;
«Ақын да бір бала ғой, айға ұмтылған» өз шығармаларын орындау, оқушыларлың ой тереңдігі, ақындық шеберлігін анықтау:
І орын – Оразбай Марлен Павлодар облысы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық қазақ мектеп -гимназиясы;
ІІ орын – Ахметов Азамат Астана қаласы, №43 мектеп-гимназиясы;
ІІ орын – Байрамбай Тілектес Маңғыстау облысы, № орта мектеп;
ІІІ орын – Қалжан Аяжан ОҚО, Ордабасы ауданы, орта мектептің оқушысы;
ІІІ орын – Саяхат Кәусар Қостанай облысы, Затобол мектеп-гимназиясы;
ІІІ орын – Жарқынбек Бағдат Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Кеңес орта мектебі.
«Толқынмен толқын сырласып» Мағжан Жұмабаев шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары.
І орын -Саятова Жұлдыз – Астана қаласы, № 74 мектеп-гимназиясы;
ІІ орын -Жақсылық Нұршат ОҚО, Ордабасы ауданы;
ІІ орын – Ермек Іңкәр СҚО, Петропавл қаласы, №6 орта мектеп;
ІІІ орын – Тілеуханова Назыл Алматы облысы, Б. Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі;
ІІІ орын – Изюмская Жанна Павлодар облысы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия;
ІІІ орын – Сармантай Аружан Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда мектеп-гимназиясы.
Әр номинация бойынша 1- бірінші,2-екінші,3-үшінші орын иегерлері және ерекше белсенді қатысқан үшін үш грамота иегерлері анықталды.
Мағжан оқуларының жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. І,ІІ,ІІІ орын иегерлері ноутбук, теледидар, смартфон тағы басқа құнды сыйлықтары иеленді. Бас жүлде Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Дәуқара орта мектебінің оқушысы Әлібеков Заманбек иеленді.
Байқау барысында Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамынан құрылған әділқазылар алқасыбайқауға қатысушы оқушылардың жылдан жылға деңгейі жоғарылап, Мағжанның поэзиясы, Мағжанның сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған жас ұрпақты ерекше атап өтті. Байқауға қатысушы жас дарындар ұлы ақынның жалынды өлеңдерін, рухты жырлыран тебірене орындап көпшіліктің көңілінен шықты.