"Туған жер" бағдарламасын іске асыру шеңберінде Білім басқармасы 2017 жыл 5 - 12 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысында мәдени-танымдық ауысым өткізілді.
Мәдени-танымдық ауысымға 6,7,8,10 сыныптардан 28 оқушы қатысты.
"Туған жер" бағдарламасы аясында Шығыс-Қазақстан облысында өткен мәдени-танымдық ауысымының қорытындысы бойынша ақпарат.
"Туған жер" бағдарламасын іске асыру шеңберінде Білім басқармасы және Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы 2017 жыл 5 - 12 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысында мәдени-танымдық ауысым өткізілді. Мәдени-танымдық ауысымға 6,7,8,10 сыныптардан 28 оқушы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларды Ақ-Бауыр неолит дәуіріне жататын Алтайдың бірегей мәдениет ескерткішін тамашалады. Ақ-Бауыр шоқысы Шығыс Қазақстан облысында қайталанбайтын ғажайып құбылысқа ие.
Жануарлардың тасқа салынған суреттері
Үш аяқты тас
Грот
Кешкі Өскемен «биші» су бұрқақтарымен қуантты. Оның жанында жаңа драма театры орналасқан. Екі фонтан музыка әуенімен билейді. Су бұрқақтары репертуарында қазақ және орыс әуендері, классикалық әуендерін шырқайды.
Балалар биологиялық орталығы - мектептен тыс экологиялық бейінді мекеме қаланың ең көрікті орыны болып табылады. Еліміздегі жалғыз балалар мекемесі оқу бөліммен (жас натуралистер станциясына) және шағын хайуанаттар бағы кішкентай дендрарий биологиялық және оқушылардың экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғау проблемаларды шешеуге бағытталған.Хайуанаттар паркінде 50-ден астам жануарларды, Шығыс Қазақстан өңірінің фаунасын және басқа - Азия, Африка, Солтүстік Америка құрлығының жануарларын кездестіруге болады.
Көтеріңкі көңіл-күймен, Семей-Жидебай-Қарауыл-Еңлік-Кебек-Бөрілі-Күшікбай бағыты бойынша "Абай Жолы" мен тарихи оқиғалар орындармен танысты.
Жолда Еңлік- Кебек – тарихтағы махаббаттың қатыгез құрбандарына.арналған ескерткіш орнатылған, оған байланысты оқиғалар Шәкәрім поэмасында сипатталады.
Оқушылар мемориалдық кешеннің жәдігерлермен танысты. Бұл мұражайда Абай Құнанбаевтың туыстарымен және достары берген заттары орналасқан. Мәдениет ошағы араб, парсы, түрік, орыс тілдеріндегі кітаптарды, әр түрлі жастағы фотоқұжаттар, Абайдың үш пернелі домбрасын, сирек кездесетін тұрмыс заттарын сақтайды.
Ұлы Абайдың бюсті
Мемориалдық кешенде Абайдың жеке заттары, араб, парсы орыс, түрік тідерінде шыққан кітаптар, Абйдың үш ішекті домбырасы сақталған Мұнда Абай оқулары, Абай шығармашылығына арналған іс-шаралар өткізіледі.
Шығыс Қазақстан облысына жасаған саяхат оқушылардың рухани- адамгершілік, Еліміздің тарихын, ұлттық рухының қалыптасуына бағытталды.