2017 жылы 30 наурызда Петропавл қаласында облыстық педагогикалық олимпиада өткізілді. Аудандар мен қалалық мектептерден 25 жас маман, 7 педагог- психолог, 4 тәлімгер және 6 оқушы командасы қатысты.
2017 жылы 30 наурызда Петропавл қаласында облыстық педагогикалық олимпиада өткізілді. Аудандар мен қалалық мектептерден25 жас маман, 7 педагог- психолог, 4 тәлімгер және 6 оқушы командасы қатысты.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиаданың сатыланған құрылымы бар:
I саты - педагогикалық жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға бағытталған білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары.
II саты – педагогикалық колледждің жоғарғы курс студенттері.
III саты – жас педагогтар, психологтар мен тәлімгерлер (қатысушылардың еңбек өтілі 3 жылдан аспауы тиіс).
Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырады.
Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары:
Алты жоғары сынып оқушылар командалары арасындағы жарыста М.Жұмабаев атындағы пелагогикалық гуманитарлық колледжінің жанындағы мектеп лицейі оқушылары жеңіске жетті.
Барлық қатысушылар мадақтама қағаздармен және сертификаттармен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың 4-5 мамыр аралағында Алматы қаласында өтетін республикалық олимпиадада біздің облысымыздың намысын қорғайды.
Видео:
Қазақша:https://www.youtube.com/watch?v=mT99CHtALC8
Орысша: https://www.youtube.com/watch?v=JmLKRg--ZH4
Конкурс педагогов:
Қазақша:https://www.youtube.com/watch?v=zxY7FlHrlQc
Орысша:https://www.youtube.com/watch?v=jXc6BcwzXus