2017 жыл 2 наурыз күні Бескөл орта мектеп-гимназиясында «ҰБТ-ның жаңа форматына сәйкес оқушыларды қорытынды аттестация және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау» тақырыбында облыстық семинар өтті.
2017 жыл 2 наурыз күні Бескөл орта мектеп-гимназиясында «ҰБТ-ның жаңа форматына сәйкес оқушыларды қорытынды аттестация және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Ең алдымен Қызылжар аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Аюпов сөз сөйлеп, семинардың жұмысы мен қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан кейін аудандық әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі Ольга Черепанова жиналғандарды оқушыларды қорытынды аттесттау мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау тұрғысында әдіскерлер кабинетінің жұмысы туралы айтып берді.
Семинар барысында білікті ұстаздар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сыныптарын өткізді. Сонымен қатар, «U-Study – компьютерлік тестілеу» жетекшісі Алжанбек Көшербаев тестілеу мүмкіндіктері туралы толығырақ айтып берді. Ал осы жобаны өздерінде жүзеге асырып жатқан Бескөл орта мектеп-гимназиясының директоры Нина Маслова аталмыш жаңашылдықтың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталды.
Жиынды Әдістемелік жұмыстар және ақпараттық технологиялар орталығының директоры Шарғия Мукушева қорытындылады. Ол шара барысында ортаға салынған педагогикалық тәжірибенің мазмұндылығын атап өтіп, алда келе жатқан маңызды сынақ кезінде осында үйренгендер жоғары нәтиже көрсетуге өз пайдасын тигізеріне сенімділігін білдірді.