Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

Балабақша – баланың алғашқы қадам басатын, жан-жақты дамитын маңызды кезеңі.


📌 Балабақша – баланың алғашқы қадам басатын, жан-жақты дамитын маңызды кезеңі.
📚 Ағымдағы жылдың 13 мамырында «Балабақшадағы зерттеу қызметінің технологиясы – қазіргі балалардың білім сапасын арттырудың шарты» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды. Вебинар онлайн форматта өтіп, оған 4 ауданнан 40 педагог, 9 спикер қатысты.
📎 Вебинарда айтылғандай, зерттеу қызметінің технологиясын қолдану арқылы педагогтар балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін оңтайландыра алады. Бұл әдіс балалардың қызығушылығын оятып, олардың танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ата-аналар мен педагогтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, баланың толыққанды дамуына жағдай жасайды.
📝 Қорытындылай келе, облыстық вебинарда талқыланған «Балабақшадағы зерттеу қызметінің технологиясы» тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Бұл технологияны дұрыс пайдалану арқылы біз болашақ ұрпақтың білім деңгейін көтеріп қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына да зор үлес қосамыз. Сондықтан да әрбір педагог үшін зерттеу қызметінің технологиясын меңгеру – кәсіби міндет әрі жауапкершілік.
Бұл вебинар біздің білім беру жүйемізді жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.Вебинардағы қатысушыларымен кері байланыс жасалып, қажетті ұсыныстар берілді.


Комментариев нет
41 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 14.05.2025 в 15:29

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки



<

Choose Colour