
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлескен «Біртұтас тәрбие бағдарламасын сабаққа енгізу жолдары» тақырыбындағы республикалық семинардың пленарлық отырысы өтті. Бұл шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, яғни 13 облыстан 50 қатысушы келіп отыр, жалпы саны 250 адамды құрайды.

Пленарлық отырысқа Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы, әдістемелік орталық директорлары, Манаш Қозыбаев атындағы СҚО университеті, ардагер ұстаздар, мүдделі органдар өкілдері, білім бөлім басшылары және педагогтер қатысты. Білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттап, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылды.

«Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауының жүлдегерлері марапатталды.

1-орын: Жамбыл ауданы, «Пресноредут негізгі мектебінің» Турнова Ирина Владимировна.

2-орын: Петропавл қаласы, «№1 гимназия» мұғалімі Медынина Татьяна Викторовна
«Шабыттандырушы тәлімгер» номинациясы бойынша Шал ақын ауданы, Кривощеков Наталья Владимировна Сорокина
«Оқушы жүрегіне жол тапқан ұстаз» номинациясында Петропавл қаласы, «Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп» сынып жетекшісі Рахия Жарқынқызы Қожанова марапатталды.

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-министрінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Білім саласында ерең еңбегі үшін «Әдістемелік орталық» директоры Сәркен Роза Сәкенқызы Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі иегері атанды.
https://www.facebook.com/share/v/189FAn2xLi/
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 01.03.2025 в 10:21