Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8 (7152) 50-07-15

Қай салада болмасын жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді.


⚜️Қай салада болмасын жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең басты мәселе – әріптестермен іс-тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдерді үйрету және кәсіби біліктіліктерін шыңдау. Осындай мәселелерді шешу жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатыр.
🔖Сондай жұмыстардың бірі - 2025 жылдың 22 қаңтарында «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ базасында республикалық «943- елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыру мақсатында мақсатты мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларына арналған «Мәтінмен жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
📚Облысымыздың жетекші, шебер ұстаздары тыңдалым мен оқылым мәтіндерімен тиімді жұмыс жасау жолдарын және сабақта заманауи әдістерді қолдану бойынша ашық сабақ және шеберлік сыныптар көрсетіп,тәжірибе алмасып, өз әріптестеріне әдістемелік көмек көрсетті.
📎Семинардан мұғалімдер өздеріне қажетті ақпараттарды, мәтінмен тиімді жұмыс жасау жолдарын, оқылым стратегияларын қолдануды үйреніп, білім қоржындарын толықтырып қайтты.


Комментариев нет
292 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 23.01.2025 в 08:42

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки



<

Choose Colour