2024 жылдың 25 желтоқсанында білім бөлімдерінің басшылары, әдіскерлері мен мектеп директорларының қатысуымен онлайн кеңес өтті. Отырысқа Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Р.А. Қаратабанов қатысты.
Руслан Әділханұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартын (МБС) талқылауға арналған және оған енгізілген өзгерістерге қатысты негізгі мәселелер бойынша нақты түсініктемелер берді.
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ.Сондықтан да тәуелсіздік рухын мен отаншылдықты ,ынтымақ пен бірлікті ,әділдік пен жауапкершілікті бойларына сіңірген ,заң мен тәртіпті ,еңбекқорлық пен кәсіби біліктілікті сезініп өскен оқушылардың болашағы кемел болары анық, өскелең ұрпақ болашақта ел дамуының жасампаздығына жаңашыл жобаларымен өзіндік үлес қосары сөзсіз. Біртұтас тәрбие бағдарламасына енгізілген 6 құндылық оқушылардың жан-жақты дамуы мен тұлғалық қалыптасуына бағытталған маңызды ұстанымдар болып табылады. Әрбір құндылықты пәндерге интеграциялау білім беру процесін тереңдетіп, тәрбиелік жұмыстарды тиімді етеді. Бағдарлама жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы, белсенді , азаматтық позициясы айқын азаматты тәрбиелеу мақсатын көздейді.
Қатысушылар білім сапасын арттыруға, оқушылар мен мұғалімдерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған сұрақтар қойып, ой бөлісіп, ұсыныстар әзірледі.
Барлығына нәтижелі пікірталас пен білім саласын дамытуға қосқан құнды үлесі үшін алғыс айтамыз!
Комментариев нет
83 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 25.12.2024 в 17:48