11.11.2022 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі мұғалімдерінің «Тіл – ұлттық қазына» тақырыбында облыстық семинары өтті.
Тілді үйрету ісі алдыменен балабақшадан бастау алады. Сондықтан да қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде көтеру – әрбір азаматтың, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелердегі қазақ тілі пәні ұстаздарының тікелей міндеті.
11.11.2022 жылы Есіл ауданы «Балапан» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі мұғалімдерінің «Тіл – ұлттық қазына» тақырыбында облыстық семинары өтті.
Семинарда мемлекеттік тіл мәселесін қарастыру, туындаған мәселелерді шешудің тиімді жолдарын табу жолында құнды пікірлер, ұсыныстар айтылды. Есіл, Қызылжар ауданы, Петропавл және Тайынша қалаларынан келген спикерлер өз қызметтерінде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, аудиториямен тәжірибелік жұмыстар жүргізді.
Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі мен қазақ тілі мұғалімі арасындағы серіктестік негізінде тиімді нәтижеге жетуге болатындығы туралы айтылды. Тiл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейiнгi бүлдiршiндерге қазақ тiлiн үйретудегi талап пен мiндеттері, әдіс-тәсілдері мен мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кері байланыс және рефлексия қатысушыларға өз ой-пікірлерін білдіруге мүмкіндік берді.
Комментариев нет
391 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 12.11.2022 в 10:02