"Менің кіші -Отаным" атты V Республикалық зияткерлік конкурсына Солтүстік Қазақстан облысы атынан 4 оқушы түрлі номинация бойынша қатысты.
Жас тарихшылардың көне Тараз қаласында өтіп жатқан, "Менің кіші -Отаным" атты V Республикалық зияткерлік конкурсына Солтүстік Қазақстан облысы атынан 4 оқушы түрлі номинация бойынша қатысты.
Жалпы республика көлемінде өткен бұл жарысқа үздік деп танылған 92 оқушы бақ сынасты.
Пеский орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ярош Карина жүлделі 3 орынды қанжығасына байлады.
Қатысушылар еліміздің ең көне қаласы Тараз қаласының көрікті жерлері мен тарихи-мәдени ескерткіштерін арнайы ұйымдастырылған экскурсияға қатысты.
Ұйымдастырушы тарапқа алғысымызды білдіреміз. Жеңіс құтты болсын!
Комментариев нет
294 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 04.11.2022 в 11:47