2022 жылғы 4 қараша күні алғаш рет «Ғылымның бастауында...» тақырыбында 7-9 сынып оқушылары үшін облыстық командалық олимпиада өтті.
2022 жылғы 4 қараша күні Петропавл қаласы «А. Бөкейханов атындағы №25 жалпы білім беретін мектеп»КММ базасында жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша алғаш рет «Ғылымның бастауында...» тақырыбында 7-9 сынып оқушылары үшін облыстық командалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын анықтау және қолдау болды.
Айта кету керек, бұл олимпиада Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, оқушылары мен педагогтары үшін өңірлік конкурстар пулына енді.
Олимпиаданың қорытындысы білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының сайтында жарияланды.
Комментариев нет
315 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 04.11.2022 в 11:12