📢 Құрметті әріптестер!
Жаңа оқу жылының қарсаңында дәстүрлі облыстық Тамыз конференциясы аясында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
📍 18 тамыз күні Qyzyljar Creative орталығында «Цифрландыру – білім болашағы» атты секцияның жұмысы өтті.
🔑 Секцияның басты тақырыбы –
«Оқушылардың цифрлық сауаттылығы – болашақ тұлғаның азаматтық кемелділігі мен кәсіби табысының негізі»
👩🏫 Секция жұмысына мектеп директорлары, пән мұғалімдері, ЖИ саласының сарапшылары, аймақтық IT-хаб Qyzyljar Creative орталығының өкілдері қатысты.
💡 Спикерлер цифрлық платформаларды қолданудың озық тәжірибелерін ұсынып, ЖИ мүмкіндіктерін және пәнаралық интеграцияны талқылады.
🤖 Ерекше қызығушылық тудырған тақырыптар: Қазақстандағы алғашқы ЖИ-репетитор, Bilim Group компаниясының жаңа цифрлық қосымшалар, сондай-ақ сабақтарда ЖИ қолданудың практикалық мысалдары болды.
✨ Қорытындысында мектептер мен әдістемелік кабинеттер үшін ұсынымдар қабылданып, педагогтер арасында тәжірибе алмасуға арналған алаң құрылды.