Ағымдағы жылдың 24 маусымында әдістемелік орталық «Ауыл мектебі – сапа алаңы» шағын жинақты мектептерінің әлеуетін дамыту» республикалық жобасына кірген мектептердің білім бөлімдерімен, директорларымен және директорлардың орынбасарларымен онлайн-кеңес өткізді.
📌 Солтүстік Қазақстан облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамытуға бағытталған жобаны іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды.
🔎 Қатысушыларға жобаның негізгі мақсаттары түсіндірілді:
баланың тұратын жеріне қарамастан сапалы білім беруді қамтамасыз ету;
сандық платформаларды енгізу (Microsoft Teams, BilimClass);
педагогтердің әдістемелік және цифрлық сауаттылығын арттыру;
деректер негізінде шешім қабылдау үшін аналитикалық жүйені құру;
мектептер арасындағы тәлімгерлік пен ынтымақтастықты дамыту.
🏫 Жобаға 13 тірек және 39 бекітілген мектеп енгізілген.
✅ Кеңес қорытындысы бойынша жобаны іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
🎯 Жоба-бұл өңірдің ауылдық мектептерінің дамуы, заманауи және бәсекеге қабілетті болуы үшін үлкен мүмкіндік.