🔰 СҚО директорлар қауымдастығының қорытынды отырысы: «Басқарушы кадрларды дамыту стратегиялары: білім беру көшбасшыларын қалыптастыру»
🔹 2025 жылдың 13 маусымында Мамлют ауданының «Белов орта мектебі» КММ базасында Солтүстік Қазақстан облысы директорлар қауымдастығының қорытынды отырысы өтті.
🔹 Жиынға қатысушыларға Мамлют ауданы білім бөлімінің басшысы Мурат Игібаевич Ташмаганбетов құттықтау сөзін арнады. Ол өңірдің білім беру жүйесін тұрақты дамыту маңыздылығын атап өтіп, негізгі жобалар мен бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ, кадр мәселесіне ерекше назар аударып, педагогикалық кадрларды мектеп қабырғасынан бастап тәрбиелеу қажеттілігін атап өтті.
🔹 Отырыс барысында басқарушылық қызметті дамытуға байланысты өзекті бағыттар ұсынылып, талқыланды:
🔹 Валентина Анатольевна Черных, СҚО әкімдігі білім басқармасының білім беру мазмұны мен сапасы бөлімі басшысы, мектеп директорының жаңа рөлі туралы баяндама жасады. Ол формалды басқарудан команда дамуына, инновацияға және білім сапасына бағытталған көшбасшылыққа көшу қажеттігін атап өтті.
🔹 Данияр Серикович Уалиев, Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы филиалының директоры, сапаны басқарудың жүйелі тәсілі туралы тәжірибесімен бөлісті. Ол оқу нәтижелерін талдаудың заманауи құралдары туралы айтып, басқарушылық шешімдерді объективті деректер негізінде қабылдау маңызын баса айтты.
🔹 Елена Владимировна Хоменко, «Белов орта мектебі» КММ директоры, мектепті тірі ағза ретінде қарастыратын инновациялық басқару моделін ұсынды. Ол тұрақты даму, экологиялық ойлау мәдениеті және қауіпсіз әрі дамытушы орта қалыптастырудағы басшының рөліне ерекше назар аударды.
🔹 Татьяна Михайловна Анцибор Қауымдастықтың қазіргі қызметінің қорытындысын жасап, алдағы 2024–2025 оқу жылына арналған негізгі бағыттарды айқындады. Негізгі назар — директорлардың кәсіби дамуы, тәлімгерлік және мектептер арасындағы желілік өзара әрекеттестікті құру.
🔹 Жиын соңында «Әдістемелік орталық» КММ директоры Сәркен Роза Сәкенқызы білім беру саласындағы басқарушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жаңа «Жетекші бол» жобасын таныстырды. Бұл жоба — тәжірибе алмасу, оқыту және қазіргі заманғы білім беру көшбасшылар қауымдастығын қалыптастыру алаңына айналмақ.