Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo22-rus.jpg?_=2?_=1

8(7152) 50-07-15

Әдістемелік кабинеттердің трансформациясы: уақыт талабына сай жаңғыру


📅 2025 жылғы 10 маусым күні Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында Солтүстік Қазақстан облысы әдістемелік кабинеттер басшылары мен әдіскерлер қауымдастығының қорытынды отырысы өтті.
Отырыстың тақырыбы:
«Әдістемелік кабинеттердің трансформациясы: уақыт талабына сай жаңғыру».

🔹 Іс-шараға 14 аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің басшылары мен әдіскерлері, БСҚД, кадр және талдау бөлімдерінің өкілдері қатысты.

🎤   «Әдістемелік орталық» КММ директоры Роза Сәкенқызы Сәркен құттықтау сөз сөйлеп, әдістемелік қызметтің жаңартылған міндеттері мен педагогті кәсіби дамытудағы әдіскердің тәлімгер, үйлестіруші және серіктес ретіндегі рөлінің маңыздылығына тоқталды.

📊 Отырыста келесі өзекті мәселелер қаралды:

  • 2024–2025 оқу жылындағы білім беру ұйымдарының аттестациясы мен туындаған мәселелер;
  • педагогтерді МББ мен аттестацияға дайындаудағы әдістемелік сүйемелдеу;
  • «943 –елдің  мақсатты мектептерін дамыту» жобасы аясындағы қолдау;
  • педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының мониторингі және 2025–2026 оқу жылына жоспарлау.

✅ Отырыстың қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:

  1. Әдістемелік кабинеттердің қызметін қайта қарау, мақсатты мектептерге тәлімгерлік пен жобалық қолдау көрсету арқылы нүктелі сүйемелдеу моделіне көшу.
  2. Сарапшылардың қатысуымен пәндік шеберлік сабақтары мен БАБДА талдау сабақтарын ұйымдастыру, сәтті аттестациядан өткен педагогтерді біріктіретін тәлімгерлік топтар құру.
  3. «ТIРЕК» жобасы аясында үздік тәжірибелер негізінде аттестацияға дайындықтың аудандық модельдерін әзірлеу. Ғ.Мүсірепов атындағы әдістемелік кабинеттің мектепті өзін-өзі аттестаттауға дайындау бойынша чек-парақты қолдану тәжірибесін тарату.
  4. Педагогтердің оқу қажеттіліктерін болжау жүйесін енгізу, кәсіби дефициттерді сараптай отырып, 1–2 жылға алға жоспар құру.
  5. Әдістемелік кабинеттердің жұмыс нәтижелерін бағалауда инновациялық мектептердің жетістіктерін жалпы есепке қоспау.

 


Пікір жоқ
166 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 10.06.2025 в 18:18

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер



Choose Colour