📢 Ағымдағы жылдың 3 маусым күні математика мұғалімдері қауымдастығының қорытынды онлайн-отырысы өтті!
Бұл кездесудің басты тақырыбы — математикалық сауаттылықтың өмірлік дағдыларды қалыптастырудағы маңызды рөлі болды. Отырыс барысында келесі мәселелер талқыланды:
- Оқыту нәтижелерін бағалау және кездесетін қиындықтарды шешу жолдары;
- Облыстың әртүрлі аудандарынан келген педагог-зерттеушілердің практикалық тәжірибелері:
- Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру;
- Нақты өмірлік жағдайларды математикалық есептерге енгізу.
Бұл отырыс педагогтардың тәжірибе алмасуына, өзекті мәселелерді талқылауға және болашаққа нақты қадамдар жасауға мүмкіндік берді.
Пікір жоқ
54 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 04.06.2025 в 17:33